Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Қазақстан - біздің ортақ үйімі...
2 мамыр 2025
12
0
0

Қазақстан - біздің ортақ үйіміз!

uploads/news/sliders/vY5KdcvPvdbksp3xHjrBWqHcSDecTUey7wkO9b7t.jpg
uploads/news/sliders/53JZJitZBPt7c0sW0xeaYqM5P5Fyif0KUAEtswTJ.jpg
uploads/news/sliders/1tL2zc1nAZBJ2TM9Gb8nT7mx5LIE2kILwFIszqmC.jpg

1- Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы бірлігі күні аясында Қазақстанда тұратын этностардың әдет-ғұрпы мен салт- дәстүрлерін көрсету бойынша «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз!» атты мерекелік кеште 1 курс «Фармация» факультетінің білім алушылары өз өнерлерін көрсетті. 
Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін.

Пікірлер орны (0)