Біз бала кезімізден белсенді өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, денсаулығымызды бақылау туралы естиміз. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының «Туған ел» үйірмесінің мүшелері «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тұрақты физикалық белсенділік физикалық және психикалық денсаулыққа айтарлықтай пайда әкеледі, төзімділік пен өнімділікті арттырады, мидың жұмысын жақсартады. Ақыл-ой қабілеттерінің дамуына жағымды әсер ететін тыныш білім беру ойындары да бар. Мұндай ойындардың балалар мен ересектердің дамуына пайдасы-белгілі шындық. Логика, ойлау, есте сақтау, зейін, табандылық, ерік, мінез, жоспарлау, стресске төзімділік, уақытты басқару, бәсекеге қабілеттілік, имидж сияқты мінез-құлық белгілері дамиды.
Студенттер салауатты өмір салты мен спорттың пайдасы туралы өз әсерлерімен бөлісті. Осылайша, олар өз қатарластарына үлгі көрсетіп, барлығын салауатты өмір салтына шақырады.