Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Қазақстан – Республикам менің...
19 қазан 2026
1
0
0

«Қазақстан – Республикам менің!»

2026 жылғы 19 қазанда Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне арналған «Қазақстан – Республикам менің!» атты салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Жастар саясаты бөлімі және Әлеуметтік-Гуманитарлық пәндер кафедрасының өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының егемендігі мен мемлекеттілігінің тарихи маңызын түсіндіру, ұлттық бірлік пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу, ел тарихына, мәдениетіне және мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті арттыру.
Салтанатты кеш барысында Республика күнінің тарихи маңызы мен еліміздің егемендік жолындағы жетістіктері туралы айтылды. Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы, ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімнің ел дамуындағы айрықша рөлі кеңінен насихатталды.
Мерекелік бағдарламада білім алушылар Отанға, туған жерге және ел тәуелсіздігіне арналған патриоттық әндерді орындап, күмбірлеген күй тартып, көркем өлеңдер оқыды. Студенттердің өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл күй қалыптастырды.
Іс-шара соңында білім алушылар «Атамекен» әнін хормен орындады. Жүрекке жылы, рухты ән кештің мазмұнын айшықтап, қатысушылардың туған елге деген мақтаныш сезімін арттырды.
«Қазақстан – Республикам менің!» атты салтанатты іс-шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және ел бірлігін нығайтуға бағытталған тағылымды мерекелік кеш болды.

Пікірлер орны (0)