Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Қазақстан Республикасы мен Ор...
5 маусым 2025
2
0
0

«Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы өзекті инфекциялар» тақырыбында IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Инфекциялық аурулар жөніндегі халықаралық конференция аясындағы жас ғалымдар байқауы 2025 жылғы 4–5 маусым күндері Шымкент қаласында «Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы өзекті инфекциялар» тақырыбында IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция аясында жас ғалымдар байқауы ұйымдастырылып, оған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен студенттер, резиденттер, магистранттар мен жас зерттеушілер қатысты. Байқау сессиясы 5 маусым күні сағат 14:30-дан 17:20-ға дейін өтті. Күн тәртібінде COVID-19 және АИТВ-ға қатысты клиникалық жағдайлар, жүкті әйелдер мен балалардағы инфекциялық аурулардың ерекшеліктері, сондай-ақ эпидемиология, диагностика және алдын алу мәселелері қамтылды. Секция модераторлары: Н.В. Сапарғали, Ж.А. Анаров, Е.М. Смайыл, Ф.А. Берадалиева. Бағдарламада 15 ауызша баяндама ұсынылды. Қатысушылар жоғары ғылыми дайындықты, зерттеулерінің өзектілігін және инфекциялық ғылымды дамытуға деген ұмтылысын көрсетті. Байқау жас мамандарды қолдау, тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстар орнату үшін маңызды алаңға айналды. Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Инфекциялық аурулар жөніндегі республикалық қауымдастық «Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты» (РФ) Оңтүстік Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы Конференция гибридті форматта өтті, 200-ден астам маман қатысты. Ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Пікірлер орны (0)