Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Қазақстан Республикасы мен Ор...
25 маусым 2026
1
0
0

«Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның өзекті инфекциялары» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның өзекті инфекциялары» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында жас ғалымдар секциясы өтті. Жас зерттеушілер, резиденттер, докторанттар, магистранттар және студенттер өздерінің ғылыми зерттеулері мен клиникалық жұмыстарын таныстырды.
 Қатысушылар ғылыми ізденістерінің нәтижелерін, клиникалық бақылауларын және жұқпалы ауруларды диагностикалау, емдеу мен алдын алудың инновациялық тәсілдерін ұсынды. Байқау жұмыстарын бағалауды PhD, доцент Бердалиева Фарида Абдуллақызы, м.ғ.к., профессор Смаил Ербол Муслимұлы,  м.ғ.к., И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доцент м.а. Шайымбетов Азый Туратбекұлы, ОҚМА жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті Нұрмағамбет Сымбат Досжанқызы жүзеге асырды.
Секция қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Пікірлер орны (0)