Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Қазақстан Республикасы Президе...
23 мамыр 2026
1
0
0

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес жастар арасында заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру аясында іс шара өтті

2026 жылдың 22 мамыр күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру және жауапты мінез-құлықты насихаттау мақсатында 2 курс «Медицина» білім беру бағдарламасының білім алушыларына тәрбиелік-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «BAS Production» кинокомпаниясымен түсірілген «Мошенники 2» көркем фильмі көрсетіліп, студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көркем фильмде алаяқтық әрекеттердің түрлері, интернет және қаржылық қауіпсіздік мәселелері, заң бұзушылықтың салдары мен азаматтардың құқықтық сауаттылығы кеңінен қамтылды. Кездесу барысында білім алушыларға қазіргі қоғамдағы алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары, әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану, жеке мәліметтерді қорғау, күмәнді ақпараттарға сенбеу және құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар студенттер өз пікірлерін білдіріп, фильм желісі бойынша талқылау ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, жауапты азаматтық ұстанымды дамыту және алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Аталған іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Пікірлер орны (0)