
2026 жылғы 16 қазанда сағат 10:00-де «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында В-МОАБ-11-25 тобының студенттерімен «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: реформалар және әлеуметтік маңызы» тақырыбында тәрбиелік сабақ-семинар өткізілді. Сабақ-семинарды аға оқытушы Сабитов Т.Ж. жүргізді. Іс-шараға шақырылған қонақтар ретінде профессор міндетін атқарушы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ертаев М.А. және доцент міндетін атқарушы, тарих ғылымдарының кандидаты Жанысбеков М.А. қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы, конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігі және қоғамның дамуындағы Конституцияның рөлі талқыланды. Қатысушылар Конституцияның тек мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тұрақтылықты, азаматтық жауапкершілікті және ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды негізі екенін атап өтті.
Студенттер тақырып бойынша пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Шақырылған қонақтар құқықтық сауаттылықтың, заңды құрметтеудің және белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығына назар аударды.
Семинардың тәрбиелік мәні студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне деген қызығушылығын дамытуға бағытталды.