Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Қазақстанның тәуелсіздігі: тар...
10 желтоқсан 2025
1
0
0

Қазақстанның тәуелсіздігі: тарихы және маңызы

10.12.25ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы оқытушылары және 1 курс «Медицина» факультеті білім алушыларының қатысуымен «Қазақстанның тәуелсіздігі: тарихы және маңызы» атты салтанатты іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: жастарды ел тәуелсіздігінің мәні мен маңыздылығын түсіндіруге, патриоттық сезімді қалыптастыруға, және студенттер арасында ұлттық бірлік пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Іс-шара барысында тәуелсіздіктің маңызы, ұлттық бірлік, болашақ ұрпаққа аманат болатын тәуелсіз Қазақстан туралы өз пікірлерін білдіру үшін студенттер мен оқытушылар сөз алды. Бұл талқылаулар еліміздің келешегі мен ұлт бірлігінің болашағы туралы маңызды ой-пікірлердің ортақ алаңына айналады.
Мерекелік іс шара барысында білім алушылар патриоттық тақырыптарда баяндамалар оқып, ән-күйлерін жырлады.
«16 желтоқсан Тәуелсіздік күні» — бұл Қазақстанның тарихындағы маңызды күн. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі елдің тәуелсіздігін жариялады, осы сәттен бастап Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Тәуелсіздік күні — мемлекеттің еркіндігі мен егемендігін білдіретін мейрам, оны еліміздің әрбір азаматтары зор мақтанышпен атап өтеді.

Пікірлер орны (0)