
2025 жылдың 25 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының спорт залында білім алушылар арасында қол күресінен (Амрестлинг) іріктеу жарысы өтті.
Армрестлинг – бүкіл әлемде кеңінен таралған спорт түрі. Елімізде спорттың осы түрі жақсы дамығанын айта кету керек.
Спорттың бұл түрінде білек пен жүректің, ақыл мен айла, күш-жігер сыналған сәтте мықтының мықтысы, күштінің күштісі ғана жеңіске жетеді.
Жарысқа 20 білім алушы қатысып, бақ сынасты. Үміткерлер өздерінің шеберліктерін көрсете білді. Тартысты ойын барысында өз ептілігімен, күш жігерімен көзге түскен білім алушылар іріктелді. Олар Қазақстан Республикасы күніне орай Өзбекстан Республикасында өтетін жарыста Медициналық жоғарғы оқу орындар арасында академияның намысын қорғайтын болады.
Сәттілік тілейміз!
70 кг салмақ
I-орын Исабаев Данияр ВМ-МҚБ-01-24
II-орын Сапақ Нұралы ВМ-МҚБ-07-25
III-орын Балтабай Мухамедәлі Вм-СҚБ-01-24
80 кг салмақ
I-орын Серикхан Саят ВМ-МҚА-02-25
II-орын Абубакир Нурбек ВМ-МҚБ-04-25
III-орын Қасым Дамир ВМ-МҚБ-08-25