Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Құқықтық сана және тұлғаның п...
6 мамыр 2026
1
0
0

«Құқықтық сана және тұлғаның психологиялық дамуы» атты тренинг

05.05.26ж. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Ә.Мырзазия 1 курс «Медицина» БББ студенттерімен «Құқықтық сана және тұлғаның психологиялық дамуы» атты тақырыпта тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық сана-сезімін қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және тұлғаның психологиялық дамуына ықпал ету болды. Сонымен қатар, білім алушылардың қоғамдағы өз орны мен жауапкершілігін түсінуіне, құқықтық мәдениетін жетілдіруіне жағдай жасау көзделді.

Іс-шара барысында құқықтық сана ұғымы, оның құрылымы мен қалыптасу жолдары, тұлғаның психологиялық даму кезеңдері және олардың құқықтық мінез-құлыққа әсері кеңінен талқыланды. Студенттерге күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайлар мысал ретінде ұсынылып, оларды шешу жолдары бірлесіп қарастырылды. Бұл өз кезегінде қатысушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және құқықтық мәселелерге саналы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Тренинг интерактивті форматта ұйымдастырылып, «миға шабуыл», топтық жұмыс, рөлдік ойындар және пікірталас әдістері қолданылды. Студенттер өз пікірлерін еркін білдіріп, түрлі жағдаяттарға талдау жасап, заң тұрғысынан дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар, тұлғаның психологиялық тұрақтылығы мен өзін-өзі дамыту дағдыларына ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушылар құқықтық мәдениеттің қоғамдағы рөлі туралы білімдерін кеңейтіп, өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек ұғынды. Тренинг студенттердің белсенділігін арттырып, олардың құқықтық және тұлғалық дамуына оң әсерін тигізді.

Пікірлер орны (0)