
31 қазан мен 2 қараша аралығында Ақтау қаласында Чито-рюден каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған академия студенті Игнат Стрельников (В-ФО-02-25 тобы) қатысқан болатын.
Тартысты жекпе-жекте 600 спортшының арасынан Игнат жеке жекпе-жекте ҚОЛА жүлдесін жеңіп алды.
Шито-рюден (Shito-Ryu) — каратэнің жапондық бағыттарының бірі. Бұл стильді 1930 жылдары Кэнва Мабуни атты шебер негізін қалаған. Ол екі түрлі мектептің — Сёрин-рю мен Сёрэй-рю — техникасын біріктіріп, Шито-рю стилін жасап шыққан.
Шито-рюдің ерекшеліктері:
- Қозғалыс өте жылдам және дәл;
- Қол мен аяқ техникалары тең дамыған;
- Қорғаныс пен шабуыл тәсілдері үйлестірілген;
- Ката (қимылдар кешені) саны өте көп — 50-ден астам.
Бұл стиль дәстүрлі каратэмен қатар заманауи спорттық каратэде де кең таралған.
Игнат, сені алда әлі талай жетістіктер мен белестер күтіп тұр. Дене тәрбиесі орталығы саған тек жеңіс тілейді! Әрдайым мықты, батыл және табанды бол! Арманың асқақ,жолың ашық болсын.Алға,тек алға!
