
Шымкент қаласында өткен Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында денсаулық сақтау саласының үздік мамандары арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Олардың арасында «ОҚМА» АҚ жанындағы медициналық колледждің фармакология пәнінің оқытушысы Ботакөз Тойшиева «Үздік медицина колледжі оқытушысы» номинациясының жеңімпазы атанды!
Әріптесімізді осы лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!