Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары РАМАЗАН АЙЫНДА ФАРМАЦИЯ ІСІН Ұ...
6 наурыз 2026
1
0
0

РАМАЗАН АЙЫНДА ФАРМАЦИЯ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

2026 жылғы 5 наурызда, қасиетті Рамазан айы кезеңінде, Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының «Фармация» БББ 5-курс білім алушылары ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған қайырымдылық акциясына қатысты.

В-ФҚА-01-21, В-ФҚБ-01-21, В-ФҚ-02-21, В-ФҚ-03-21, В-ФО-04-21 топтарының білім алушылары куратор-оқытушыларымен бірге Erkindik Autism аутизмі бар балаларды емдеу және бейімдеу орталығына барды. Сапар барысында білім алушылар орталыққа материалдық көмек көрсетті.

Орталықтың құрылтайшылары мен қызметкерлері көрсетілген қолдау, қамқорлық және ықылас үшін Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының білім алушылары мен оқытушыларына шынайы алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, білім алушыларға алдағы оқуында табыс, кәсіби тұрғыда қалыптасу және алға қойған мақсаттарына жету тілектері айтылды.

Осындай іс-шаралар болашақ фармацевтика саласының мамандарында жоғары әлеуметтік жауапкершілікті, гуманистік құндылықтарды және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айында ерекше маңызға ие қайырымдылық пен өзара көмек дәстүрлерін нығайтуға мүмкіндік береді.

Пікірлер орны (0)