«ОҚМА» АҚ ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы мен Кудашкина Наталья Владимировна, фармацевтика факультетінің деканы, ботаника және фитотерапия негіздері курсымен фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор және Мельникова Алевтина Яковлевна, оқу-әдістемелік басқарманың бастығы, пед.ғ.к. Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Уфа, Ресей)
Ресейлік маман Н.В. Кудашкинаның сапары 2025 жылдың 14-25 сәуірі аралығында "Шетелдік ғалымды шақыру" бағдарламасы аясында шетелдік мамандарды ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметке тарту бойынша жүзеге асырылады.
Мельникова А.Я. 2025 жылғы 25 сәуірде өтетін "Медицина мен фармациядағы заманауи білім беру технологиялары: болашақтағы талаптар мен перспективалар" тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға шақырылған.
Кездесу барысында білім беру мекемелері арасындағы ғылыми және білім беру ынтымақтастығының негізгі мәселелері талқыланды. Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы мәселелеріне, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламалары мен Халықаралық ғылыми жобаларды іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылды.
Сапар халықаралық өзара іс-қимылды дамытудағы және БММУ мен ОҚМА арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды.