Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Республика күні – елдігімізді...
23 қазан 2026
1
0
0

«Республика күні – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің бастауы!»

25 қазан – Республика күніне орай  Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен академияның студенттер жатақханасында «Фармацевтикалық  өндіріс технологиясы» ББ және «Стоматология» ББ  бойынша білім алушылар «Республика күні – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің бастауы!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шара барысында кафедра оқытушылары мен студенттер Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның ел тәуелсіздігі жолындағы маңызды қадам болғанын атап өтті. Студенттер Отанға деген сүйіспеншіліктерін патриоттық әндер мен өлеңдер арқылы жеткізіп, еліміздің тарихы, ұлттық құндылықтары және тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы ой бөлісті. «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушылары студенттерді Республика күнімен құттықтап, олардың білімді, бәсекеге қабілетті, елінің дамуына үлес қосатын білікті маман болып қалыптасуына тілектестік білдірді.
Республика күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміздің болашағы жарқын, бірлігіміз бекем болсын!

Пікірлер орны (0)