Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Республика күні: тарихы, маңы...
24 қазан 2025
4
0
0

«Республика күні: тарихы, маңызы және болашағы»


Республика күні қарсаңында елдің мемлекеттік егемендік тарихын, тәуелсіздік идеясының қалыптасуы мен дамуын талқылау, студенттердің отансүйгіштік сезімін арттыру және жастардың ел болашағына жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2025 жылдың қазан айының 23-і күні «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен В-ФӨТҚАБ-02-24 тобы студенттерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы күні: тарихы, маңызы және болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға жауаптылар: т.ғ.к., доцент м.а. Жанысбеков М.А., аға оқытушы Бұрхан Е.Ж.
Іс-шараны кафедра меңгерушісі Аширов Ш.А. алғы сөзімен ашып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Республика күнінің тарихи және рухани маңызына тоқталды. Ол тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы жетістіктерге назар аудара отырып, студенттерді ел тағдырына бейжай қарамай, белсенді азамат болуға шақырды. 
Сонымен қатар т.ғ.к., доцент м.а. Жанысбеков М.А. сөз сөйлеп, Республика күнінің қалыптасу тарихы мен оның егемен еліміздің саяси және мәдени өміріндегі рөлін атап өтті. Ол студенттерге өз елінің тарихын терең біліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы қоғамның дамуына үлес қосу қажеттігін айтты.
Дөңгелек үстел барысында студенттер мен оқытушылар Қазақстанның егемендік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін талқылады. Сондай-ақ, студенттер өз ойларын ортаға салып, елдің болашағы мен жастардың рөлі туралы пікір алмасты.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының рәміздері мен маңызды тарихи кезеңдері туралы бейнематериал көрсетілді.
«Қазақстан Республикасы күні: тарихы, маңызы және болашағы» атты дөңгелек үстел ел тарихына деген құрметті арттыруға, студенттердің патриоттық сезімін қалыптастыруға және олардың азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталған маңызды іс-шара болды.
Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Студенттер тарихи-танымдық білімдерін кеңейтіп, отансүйгіштік пен елжандылық құндылықтарын нығайтты.

Пікірлер орны (0)