Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Республика күніне арналған мер...
23 қазан 2026
1
0
0

Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ВМ-МОқ-05-25 тобының студенттері «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының профессор м. а. Д. М.Кульмирзаевамен бірлесіп, Үндістаннан келген бірінші курс және жергілікті білім алушыларға Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты шетелдік студенттерді Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен, ұлттық дәстүрлерімен, ұлттық киімдерімен және Қазақстан халықтарының тағамдарымен таныстыру болды.
Студенттер ұлттық киімдер мен дәстүрлі тағамдар дайындады. Соның арқасында қатысушылар Қазақстанның қонақжайлығы мен бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Мерекелік кездесу қатысушыларға жағымды әсер мен жылы естеліктер сыйлады.
Өткізілген іс-шара мәдениетаралық диалогті дамытуға, шетелдік және жергілікті студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихына, дәстүрлері мен мәдени әралуандығына құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етті.

Пікірлер орны (0)