Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Республика күніне орай салтана...
23 қазан 2026
1
0
0

Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті

25 қазан – Қазақстан Республикасының күні мерекесіне орай Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасының ұйымдастыруымен салтанатты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Ұлттық мерекені ұлықтауға арналған бұл басқосуға кафедраға қарасты бірнеше мамандықтың студенттері мен магистранттары қатысты. Нақтырақ айтқанда, шараға Мейіргер ісі мамандығының В-МІҚ-01-23, В-МІҚққ-01-26, В-МІОққ-02-26 топтары, Фармация мамандығының В-ФО-02-23 тобы, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық бағыттағы ізденушілер – Мейіргер ісі мамандығының ММІҚ-01-25 және ММІҚ-01-26 топтарының магистранттары белсенді атсалысты.
Іс-шараның басты мақсаты – болашақ медицина мен фармация саласының мамандарын отансүйгіштікке тәрбиелеу, бойларында ұлттық намыс пен мемлекеттік құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру және ел денсаулығын сақтау жолындағы кәсіби жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.
Шара барысында студенттер мен магистранттар егемендік тарихы мен еліміздің қалыптасу жолы туралы мазмұнды баяндамалар жасап, Отан, туған жер тақырыбындағы патриоттық өлеңдерді нақышына келтіре оқыды.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы сөз алып, жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтады. Ұстаздар Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді де саналы жастар екенін атап өтіп, болашақ ақ халатты абзал жандарға оқуда озат, кәсіби жолда білікті маман болуды тіледі.
Салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың естелік суретке түсуімен аяқталды.

Пікірлер орны (0)