
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» республикалық байқауының I кезеңінің басталғаны туралы хабарлайды.
🕛 I кезеңнің өткізілу мерзімі:
2025 жылғы 3 қарашадан 14 қарашаға дейін.
🔹 Байқауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатыса алады. Құжаттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады: (https://universitycontest2025.iac.kz/)
🔹 Қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:
1. Белгіленген нысандағы өтінім;
2. Соңғы 5 жылдағы (2021–2025 жж.) сапалық және сандық көрсеткіштер туралы мәліметтер;
3. 2025–2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары;
4. Кадр есебіне арналған жеке парақ;
5. Жеке куәліктің көшірмесі.
🔸 Апелляция беру мерзімі: 2025 жылғы 17–19 қараша.
🔸 Байқаудың II кезеңі: 2025 жылғы 1–12 желтоқсан.
🔗 Ақпараттық жүйемен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық universitycontest2025.iac.kz сайтында жарияланады.
📧 Қосымша ақпарат алу үшін жауапты әкімшіге хабарласуға болады: danaauyezkhankyzy@gmail.com