
Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында резидентура түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті. Іс-шарада «ОҚМА» АҚ ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы денсаулық сақтау саласының білікті мамандарын даярлау академияның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, түлектердің кәсіби қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ түлектерді Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы, тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы және резидентура деканы, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Бектенова Гүлмира Ерсеитқызы құттықтап, дипломдарын табыстады. Салтанатты жиында «Акушерия және гинекология» білім беру бағдарламасы бойынша үздік бітіруші Тимур Аманбаев түлектер атынан сөз сөйлеп, академия басшылығына, профессор-оқытушылар құрамына шынайы алғысын білдірді.
