Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Сәкен –сұңқар»
29 қазан 2025
4
0
0

«Сәкен –сұңқар»

Дала сұңқары, көктегі жарқыраған жұлдызы, тарихта өшпес есімі қалған дара тұлғасы, халқымыздың біртуар асыл перзенті, үлгі тұтар азаматы, қазақтың аяулы ақыны, қазақ әдебиетінің, мәдениетінің дамуына зор үлесін қосқан қаламгер, қоғам және мемлекет қайраткері — Сәкен Сейфуллиннің - 130 жыл мерейтойына орай, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы АҚ жанындағы медицина колледжі «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушылары «Сәкен –сұңқар» атты әдеби кешін ұйымдастырды. Әдеби кеште оқытушылар білім алушыларға С.Сейфуллиннің өмірі жайында видио роликтер көрсетіп, таңғы шықтай мөлдірлігімен, тазалығымен ерекшеленетін шығармашылығымен де таныстырды. Бойына бар өнерді тоғыстырған Сәкеннің өмірі – бүгінге үлгі, оның сұлу болмысындай асқақ та, нәзік жырлары ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып қала бермек.

Пікірлер орны (0)