
ОҚМА Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс студенттері арасында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуді оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы ашып, студенттерге заңға бағыну, тәртіпті сақтау әрбір азаматтың басты борышы екенін атап өтті.

Кездесуге Шымкент қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы, полиция полковнигі Маткаримов Ердаулет Сапарбекұлы, Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі, азаматтық қорғау капитаны Шәріп Асқар Рысбекұлы қатысты.
Қонақтар өз салалары бойынша маңызды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.