
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ұжымы салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамға үлгі боларлық игі іс-шара ұйымдастырды. Академия қызметкерлері таңертең оқу орнына велосипедпен келіп, экологиялық мәдениетті қолдау мен денсаулықты нығайтудың маңызын көрсетті. Бұл бастама тек спорт пен белсенді өмір салтын дәріптеп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті де айқын аңғартты.
Іс-шараның жалғасы ретінде академия ұжымы қалалық қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсырды. Донорлық акцияға қатысқан қызметкерлер адам өмірін құтқаруға үлес қосудың маңызын ерекше атап өтті. Осылайша, академия қызметкерлері өздерінің белсенділігі арқылы жастарға өнеге көрсетіп, салауатты өмір салты мен ізгілік құндылықтарын кеңінен насихаттауға үлес қосты.