Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Салауатты өмір салты. Зиянды...
8 мамыр 2026
1
0
0

«Салауатты өмір салты. Зиянды әдеттер мен денсаулықты сақтаудың жолдары»

Педиатрия-1 кафедрасы меңгерушісі К.С. Кемельбековтың басқаруымен, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: А.Т. Адильбекова, Г.Ш. Баймакова, интернатура деканатының 7-курс ІПҚ–04–24 топтарының дәрігер-интерндері №80 «Мектеп-лицей»-ге барып, 7–8 сынып оқушыларына «Салауатты өмір салты. Зиянды әдеттер мен денсаулықты сақтаудың жолдары» тақырыбында мазмұнды семинар өткізді.
Семинар барысында оқушыларға салауатты өмір салтының маңызы жан-жақты түсіндіріліп, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, спортпен шұғылдану және жеке бас гигиенасын ұстану туралы пайдалы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, зиянды әдеттердің, әсіресе темекі шегу мен алкогольді ішімдіктердің адам ағзасына тигізетін кері әсері нақты мысалдар арқылы көрсетіліп, олардың алдын алу жолдары талқыланды.
Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай ағартушылық семинарлар жасөспірімдердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, дұрыс өмір салтын таңдауға бағыт береді. Бұл бастама өскелең ұрпақтың саналы, дені сау болып қалыптасуына зор ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)