
ОҚМА жанындағы медицина колледжінің ЖББП кафедрасы 2025 жылдың 3 қараша күні «Салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту» мақсатында 1,2 курс мамандық аралық білім алушылары арасында арқан тарту және волейболдан спорттық жарыс өткізді.
Жарыстың мақсаты білім алушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортқа бейімдеу, пайдалы іспен шұғылдануға бағыттау арқылы теріс қылықтарға баруына мүмкіндік бермеу, қоғамға пайдалы істерге баулып, мінез-құлықтарының дұрысталуына ықпал ету.
Спорттық жарыста «Емдеу ісі» 2 курс, «Емдеу ісі» 1 курс «Стоматология» 2 курс, мамандықтарының білім алушыларынан құралған командалар арасында «арқан тарту», «волейбол» сияқты спорттық ойындар түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Спорттық жарыстың ашылуына кафедра меңгерушісі Сатаев Амангелді Тойболұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жеңімпаздар грамота,кубок медалдармен марапатталды.
Арқан тарту;
1-орын иегері 2-курс «Стоматология»
2-орын иегері 2-курс «Емдеу ісі»
3-орын иегері «Стоматология»
Волейболдан орын иегерлері;
1-орын иегерлері құрама «Арыстан» командасы «Емдеу ісі» 2 курс мамандығы
2-орын иегері «Аспан жебелері» командасы «Емдеу ісі» 1 курс мамандығы
3-орын иегері 2-курс «Космос» командасы «Емдеу ісі» 2 курс мамандығы.