Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Салауатты өмір салтын қалыпта...
20 мамыр 2025
7
0
0

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша» экскурсия

2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша» алыс шетел студенттерімен бірге Шымкент қаласындағы Абай саябағына экскурсия жасалды. Бұл бағыт академия студенттерінің денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, сонымен қатар физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Экскурсия барысында студенттер саябақтағы көне мәдени ескерткіштермен танысып, спорттық ойындармен айналысты (футбол, волейбол, жүгіру марафоны);
Жүргізілген іс-шаралар студенттердің денсаулыққа деген көзқарасын жақсартуға, зиянды әдеттердің алдын алуға және салауатты өмір салтының маңызын түсіндіруге өз септігін тигізді.

Пікірлер орны (0)