Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Сауаттылық – сапалы медицинан...
8 қазан 2025
10
0
0

«Сауаттылық – сапалы медицинаның негізі»

Қазіргі таңда қоғамның денсаулығы – ел дамуының басты көрсеткіштерінің бірі. Ал сол денсаулықтың іргетасы — медициналық сауаттылықтан басталады. Әсіресе, бұл тақырып жас ұрпақ үшін аса маңызды. Себебі болашақта өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, медициналық көмекті дұрыс пайдалану және алдын алу шараларын түсіну сауаттылықтан туындайды. Осы мақсатта біздің академияның дәрігер интерндері «Педитврия-1» кафедрасының ассистенті Абсадық Айдана Ерсейітқызының жетекшілігімен мектепке барып дәріс оқып, арнайы дағдыларды көрсетті. №50 мектептің 9-10 сыныптарына, әр сыныпқа жеке жеке дәріс оқыды. ІПҚ-01-24 топ дәрігер интерндері және ІПҚ-02-24 топ интерні Нұрлыбек Назерке Нұрғалиқызы барды. Бахадир Жахангир Шерзадұлы, Мухамеджан Сабина Талғатқызы, Сахыбек Динара Аманкелдіқызы «Абайлаңыз, вейп» тақырыбында, Кабыл Сымбат Жандарбекқызы, Рзуан Дінмухамбет Курбаналиұлы, Сапарбекова Балжан Джолдасовна «Алғашқы көмек көрсету» туралы дәріс оқыды. Сонымен қатар алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы дағдыларды көрсетті.

ІПҚ-01-24 топ дәрігер интерндері

Медициналық сауаттылық — адамның өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін қажет ақпаратты түсініп, оны дұрыс пайдалана алу қабілеті.
Ол мыналарды қамтиды:
• Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
• Алғашқы көмек көрсетуді білу;
• Вакциналардың маңызын түсіну;
• Зиянды әдеттердің салдарын білу (шылым шегу, ішімдік, есірткі);
• Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын сақтау;
• Аурудың алғашқы белгілерін тани білу;
• Дәрігерге уақытында жүгіну.


Неліктен мектеп оқушыларына бұл маңызды?
Жасөспірім кезең — адамның жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңі. Осы кезеңде алған білім мен дағдылар өмір бойы сақталып, адамның мінез-құлқына әсер етеді. Медициналық сауатты оқушы:
• өзіне де, өзгеге де көмек көрсете алады;
• дұрыс таңдау жасай алады (мысалы, зиянды әдеттерден бас тарту);
• келешекте медициналық шешім қабылдауда қателеспейді;
• отбасындағы, қоғамдағы денсаулық мәдениетінің дамуына үлес қосады.


Сапалы медицина сауаттылықпен тығыз байланысты
Қандай да бір елдің медицинасы қаншалықты дамыған болса да, егер тұрғындарда медициналық сауаттылық төмен болса — ол медицинаның тиімділігін азайтады. Себебі:
• Көптеген аурулар алдын алуға болатынын адамдар білмейді;
• Дәрігерге тым кеш барады;
• Дұрыс емес ақпаратқа сеніп, өзін-өзі емдеумен айналысады.
Сауаттылық — сапалы медицинаның негізі. Бұл тек дәрігерлер мен мамандар үшін ғана емес, әрбір азамат үшін маңызды. Әсіресе, мектеп оқушылары ерте жастан бұл білімді игерсе, болашақта дені сау ұрпақ қалыптасатыны сөзсіз.

Пікірлер орны (0)