19.05.25ж. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының Phd докторы Нуржанбаева Ж.О. 2 курс «Медицина» БББ студенттерімен «Сенің болашағың – өз қолыңда!» атты мотивациялық семинар өткізді.
Мақсаты: Студенттерге өз өмірі мен болашағы үшін жауапкершілік алуды, мақсат қою мен оған жету жолдарын түсіндіру, мотивация мен ішкі сенімділікті арттыру.
Семинар барысында студенттерге мотивациялық қысқаша бейнеролик көрсетіліп , қызығушылықтары оятылды. Оқытушы студенттермен мотивация, мақсат қою, уақытты тиімді пайдалану, өзін-өзі дамыту жөнінде сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, жетістікке жеткен жастардың нақты өмірлік мысалдары келтірілді. Студенттер «Менің мақсат картам» атты жаттығу арқылы өздерінің қысқа, орта және ұзақ мерзімді мақсаттарын анықтап жазды. Сондай –ақ, «Болашақтағы өзіме хат» жазып, 5 жылдан кейінгі өмірін елестетіп, жоспарларын құрды.
Мотивациялық сабақ соңында студенттер өз ойларын ортаға салып, семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Семинар студенттерге болашақ өмірлеріне жаңа көзқараспен қарауға, өз мақсаттарын нақтылауға және ішкі сенімді арттыруға үлкен әсер етті. Қатысушылар іс-шараның пайдалы әрі шабыттандырарлық болғанын атап өтті.