Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Шағын футболдан іріктеу жарысы...
12 қазан 2026
1
0
0

Шағын футболдан іріктеу жарысы өтті


2026 жылдың 8 қазанында білім алушылар арасында шағын футболдан көптен күткен іріктеу жарысы жоғары деңгейде өтті. 
Жасыл алаңда шынайы тартыс, спорттық азарт және жеңіске деген үлкен талпыныс байқалды. Әрбір команда соңғы секундқа дейін аянып қалмай, әрбір мүмкіндік пен жеңісті ұпай үшін барын салып күресті. Ойыншылар тек шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар нағыз командалық рух пен бірліктің үлгісін көрсете білді.


Бұл тартысты доданың нәтижесінде үздік ойын өрнегін көрсетіп, негізгі құрамға іріктелген білім алушылар:
•    Ержанұлы Оңдасын (ВМ-СҚБ-05-26)
•    Сайлаубек Нұрсұлтан (ВМ-СҚА-03-26)
•    Маратбек Мағжан (АМ-СҚБ-03-25)
•    Маратбек Бағжан (ВМ-СҚБ-03-25)
•    Зәкір Саят (ВМ-СҚБ-03-25)
•    Сматов Алмаз (ВМ-СҚБ-07-26)
•    Бакулла Абдулхафиз (ВМ-МҚА-05-25)
•    Ибрагимов Сейман (ВМ-МҚА-03-26)
•    Ерікәлі Ернар (ВМ-СҚБ-04-25)
•    Ергешов Диярбек (ВМ-СҚБ-04-25)
•    Жәдігер Али (ВМ-МҚА-06-26)

Сонымен қатар, бұған дейін де құрама сапында өнер көрсетіп, өздерінің мықтылығын дәлелдеген алдыңғы құрамдағы білім алушылар да алаңда бой көрсетті:
•    Ермекұлы Нұрбек (В-ФМЦИҚ-01-25)
•    Истаев Нурсултан (ВМ-СҚқА-03-25)
•    Ерғазыұлы Еркебұлан (ВМ-СҚБ-03-25)
•    Мамеков Алибек (ВМ-СҚБ-04-25)
•    Шериев Алиаскар (ВМ-СОА-08-25)
•    Наурызбай Мухасан (ВМ-МПД-01-25)

Бұл жарыс - тек мықтыларды анықтап қана қоймай, білім алушылардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырған ерекше күн болды. Додада көзге түсіп, құрамаға енген барлық білім алушыларды құттықтаймыз! Алдағы үлкен жарыстарда намысты қолдан бермей, жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз.

Пікірлер орны (0)