
2025 жылдың 13 қазанында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының білім алушы ұлдар арасында шағын футболдан іріктеу жарысы өтті. Бұл жарыс академия білім алушыларының спорттық қабілетін шыңдап, алдағы уақытта өтетін ірі додаларға үздік ойыншыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылды.
Физикалық тәрбиелеу үрдісі адамның ішкі жан дүниесіне санасына,іс-әрекетіне әсер етеді.Физикалық тәрбиелеудің көптеген әдістері бар.Ең маңызды орын алатын бұл - шағын футбол.Бұл ойын тек қана қолжетерлік және эстетикалық қана емес,сонымен қатар ол өмірде қажет зиян қасиеттерді студенттік жаста дамыту маңызды.Шағын футболмен дұрыс айналысса:күш,жылдамдық, икемділік, психологиялық қасиеттері және сүйек бұлшықет аппараттарының беріктілігін күшейтеді. Шағын футбол командалық ойын болғандықтан бір мақсатқа жету үшін ұжымды ұжымдастырады. Ол негізі бір-бірін түсінуге достыққа әкеледі.
Іріктеу жарысына 8 команда қатысып үздік ойыншылар іріктелді.