Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Шетелдік білім алушылар арасын...
8 мамыр 2026
1
0
0

Шетелдік білім алушылар арасында волейболдан тартысты дода өтті

5 мамыр күні «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай Дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен алыс шетел білім алушылары арасында волейболдан жарысы өтті.
Бұл шараның мақсаты – алыс шетел білім алушыларының арасындағы достықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спорт арқылы мәдени байланыстарды дамыту. Жарысқа қатысушылар өзара бақ сынап, командалық рух пен ұйымшылдықты көрсетті.
Жарысқа академиямыздың 1–4 курс білім алушылары, барлығы 8 команда қатысты.
Спорттық додаға қатысқан білім алушылар өздерінің ептілігі мен шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін паш етті. Әр команда жеңіске деген жігерін танытып, алаңда нағыз бәсекелестік рух қалыптасты.
Сонымен қатар, волейбол жарысы көрермендер үшін де қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушыларға қолдау көрсету үшін білім алушылар мен оқытушылар белсенді түрде қатысып, ерекше атмосфера қалыптастырды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Пікірлер орны (0)