
«Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының тәлімгерлік жетекшілігімен ЖМША-07-23 және ЖМШБ-07-23 топтарының шетелдік студенттері қалалық сенбілікке белсенді қатысты.
Сенбілік аясында білім алушылар Қошқар ата өзенінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізіп, белгіленген аумақты қоқыс пен түскен жапырақтардан тазартты. Шетелдік студенттердің ортақ іске белсене атсалысуы қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен табиғатқа жанашырлықтың ұлт пен шекараға бөлінбейтін ортақ құндылық екенін көрсетті.
Студенттер бірлесе еңбек етіп, қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, ұйымшылдықты, қоғамдық жауапкершілікті және ортақ ортаға деген құрметті нығайтады.