Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Шомылу маусымындағы қауіпсізді...
10 маусым 2026
1
0
0

Шомылу маусымындағы қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында шомылу маусымындағы су қауіпсіздігіне арналған ақпараттық-профилактикалық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жазғы демалыс кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін насихаттау, су айдындарында орын алуы мүмкін қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Кездесу барысында қатысушыларға суға шомылу кезінде сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік талаптары туралы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, жаздың аптап ыстығында демалысын жағажайда өткізетін азаматтарға арналған қарапайым, бірақ маңызды қағидалар түсіндірілді. Атап айтқанда, тек арнайы рұқсат етілген жерлерде шомылу, мас күйінде суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау, жүзу мүмкіндігін дұрыс бағалау және қауіпсіздік белгілеріне назар аудару қажеттігі айтылды. Іс-шара барысында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі екені ерекше атап өтілді. Қатысушыларға жазғы демалысты қауіпсіз әрі жауапкершілікпен өткізу жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.

Пікірлер орны (0)