Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Шұғыл медицина және мейіргер і...
2 сәуір 2026
1
0
0

Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасында «Наурыз -  көктем мен бірліктің салтанаты» мерекесі атап өтілді

31 наурыз күні «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтті. Мерекелік іс-шара барысында кафедра ұжымы Шымкент қаласы ДСБ ШЖҚ «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК №4 бекетінің қызметкерлерімен бірге мерекелік дастархан басында бас қосып, Наурыз мейрамына арналған іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шарада кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Сейдахметова Айзат Ашимхановна құттықтау сөз сөйлеп, Наурыз мейрамы – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі екенін, сонымен қатар, бұл күн – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін шағы, адамдардың бір-біріне ізгі тілектер айтып, өкпе-ренішті ұмытып, татулық пен сыйластықты нығайтатын ерекше мейрам екенін атап өтті. Іс-шара аясында Наурыз дастарханы жайылып, оның ажырамас бөлігі болып табылатын бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды. Кафедраның 7М10141 «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының магистранты Полатова Назерке Қауымбайқызы қазақ халқының салт-дәстүрінде ерекше орын алатын Наурыз көжені дайындау тәсілі мен оның тағылымдық маңызы туралы айтып, ұлттық тағамның құндылығын түсіндірді. Мерекелік іс-шара барысында кафедра ұжымы ұлттық киімдер киіп, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін дәріптеді. Мұндай тағылымы мол іс-шаралар ұжым арасындағы ынтымақтастықты арттырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және оларды өскелең ұрпаққа насихаттауға мүмкіндік береді. Кафедрада Наурыз мерекесін атап өту игі дәстүрге айналған және алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікірлер орны (0)