
2026 жылғы 14 мамыр күні «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының қызметкерлері азаматтық жауапкершілік пен адам өміріне деген жанашырлықтың үлгісін көрсетіп, Қалалық қан орталығында ерікті түрде қан тапсырды.
Аталған қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – қанға мұқтаж науқастарға көмек көрсету, донорлық мәдениетті насихаттау және қоғамда әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.
Қан донорлығы – адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маңызды әрі игі іс. Әрбір тапсырылған қан көптеген пациенттердің сауығып кетуіне және өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді. Кафедра ұжымы қоғам денсаулығын нығайтуға өз үлесін қосып, жоғары азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Іс-шара барысында кафедра қызметкерлері қан тапсырудың маңыздылығы, салауатты өмір салтын ұстану және өзгеге көмек көрсету сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.
Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасының ұжымы донорлық акцияны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Қалалық қан орталығының басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс білдіреді.