Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Шымкент ескі қалашығы» археол...
23 қазан 2026
1
0
0

«Шымкент ескі қалашығы» археологиялық кешеніне экскурсия

2026 жылдың 20 қазанында Шет тілдері кафедрасының оқытушылары мен студентері Қазақстан Республикасының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген «Шымкент ескі қалашығы» археологиялық нысанына барды. Экскурсияның мақсаты – студенттердің туған өлке тарихы туралы білімдерін кеңейту, оларды Шымкент қаласының мәдени және археологиялық мұрасымен таныстыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге және тарихи ескерткіштерге ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Ежелгі қалашықтың тарихымен танысу студенттердің рухани дамуына, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына, мәдени мұраны сақтау жауапкершілігін сезінуіне және ата-бабалар мұрасына құрметпен қарауына ықпал етті. Сонымен қатар, экскурсия жастарға ұрпақтар сабақтастығын, тарихи жадтың маңызын және мәдени құндылықтардың қазіргі қоғамдағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Экскурсия барысында қатысушылар ежелгі қалашықтың тарихымен, археологиялық жәдігерлермен және Шымкенттің әртүрлі тарихи кезеңдердегі даму ерекшеліктерімен танысты. Студенттер бірегей экспонаттарды көріп, қаланың өткені туралы қызықты мәліметтер алды және оның бай тарихи мұрасын жақыннан сезінуге мүмкіндік алды.

«Шымкент ескі қалашығына» жасалған экскурсия студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттырған, сондай-ақ жас ұрпақтың адамгершілік және патриоттық құндылықтарын нығайтуға ықпал еткен маңызды мәдени-ағартушылық және тәрбиелік іс-шара болды.

Пікірлер орны (0)