Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Шымкентте мектеп түлектеріне к...
8 сәуір 2026
1
0
0

Шымкентте мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру кездесуі өтті

Шымкент қаласындағы Маржан Тасова атындағы мамандандырылған №3 мектеп-интернатының 11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты бітіруші түлектерге жоғары оқу орындары мен мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар беру болды.
Іс-шараға ОҚМА Фармация факультеті деканының орынбасары, Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының доцент міндетін атқарушы М. Сапақбай қатысып, оқушылармен мазмұнды әңгіме жүргізді. Ол Мәлік Мырзаханұлы академияның құрылу тарихына тоқталып, оның бүгінгі таңда еліміздегі фармацевтика, медицина саласындағы алатын орны ерекше екенін атап өтті.
Сондай-ақ, академия түлектерінің тек Қазақстанның барлық өңірлерінде ғана емес, сонымен қатар шетелдердегі фармацевтикалық, медициналық ұйымдарда да табысты еңбек етіп жүргенін жеткізді. Бұл өз кезегінде оқу орнының сапалы білім беретінін және халықаралық деңгейде сұранысқа ие мамандар даярлайтынын көрсетеді.
Кездесу барысында талапкерлер үшін маңызды мәселелер де қозғалды. Атап айтқанда, оқу ақысы, грантқа түсу мүмкіндіктері, қабылдау үшін қажетті шекті баллдар туралы толық ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Кездесу соңында еркін форматтағы сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, оқушылар мен маман арасында ашық диалог орнады. Мұндай кездесулер бітіруші түлектердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына үлкен септігін тигізеді.

Пікірлер орны (0)