28 мамыр күні Шымкент қаласындағы Aidana Plaza қонақүйінің конференц-залында «Паркинсон ауруы бар науқастарды диагностикалау және емдеудің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Іс-шараға неврология саласындағы жетекші мамандар, медициналық ЖОО оқытушылары, тәжірибелі дәрігерлер мен жас ғалымдар қатысты.
Семинарда төмендегі танымал сарапшылар баяндама жасады:
• Жаркинбекова Назира Асановна– медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан неврологтар қауымдастығының төрайымы.
• Абдраимова Салтанат Орынбасаровна – PhD докторы, АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының ассистенті, тәжірибелі невролог.
• Каримова Алтынай Сагидулаевна – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты невролог, реабилитолог, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы.
Семинар барысында Паркинсон ауруын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, өзекті клиникалық жағдайлар талқыланып, реабилитация мен қолдау терапиясының жаңа мүмкіндіктері ұсынылды.
Әсіресе мультидисциплинарлық тәсіл мен ауруды ерте анықтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Қатысушылар спикерлерге белсенді сұрақ қойып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызу пікірталасқа қатысты. Бұл семинардың өзектілігі мен медициналық қауымдастық үшін осындай кәсіби алаңдардың қажеттілігін айқындады.
Іс-шара кәсіби қарым-қатынас пен тәжірибе алмасудың маңызды алаңы болды.
Ұйымдастырушылар іс-шараға қолдау білдірген «Ген Илач ве Саглык Урунлери Санаи ве Тиджарет» компаниясына алғыс білдіреді.