
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында SKMA-FEST іс-шарасы өтті.
Іс-шарада оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы білім алушыларға қоғамдық жұмыстарға белсенді араласудың маңызын жеткізді. Сонымен қатар, студенттерді академияның қоғамдық өміріне белсене қатысып, өздерінің бастамалары мен қабілеттерін дамытуға шақырды.
Шара барысында студенттік ректор міндетін атқарушы Райхона Альдекова білім алушыларды академиядағы студенттік ұйымдар мен клубтардың қызметімен танысуға шақырды.
SKMA-FEST аясында оқу орнының студенттік ұйымдары мен клубтары өз бағыттарын таныстырып, өнерлерін ортаға салды.