Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Start-Up жобалар конкурсы өтті
18 қазан 2025
5
0
0

Start-Up жобалар конкурсы өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жас ғалымдар мен студенттердің ІІІ Халықаралық форумы бастау алды. Форум аясында фармация, IT және медицина салаларындағы тың идеяларды таныстыруға арналған Start-Up жобалар конкурсы ұйымдастырылды.
Бұл байқау Өзбекстан, Үндістан және Қазақстанның медициналық бағыттағы және басқа да жоғары оқу орындарының студенттері, жас ғалымдары мен өнертапқыштарына өздерінің жаңашыл идеялары мен ғылыми жетістіктерін көпшілікке таныстыруға зор мүмкіндік берді.
Жалпы конкурсқа 13 Start-Up жоба ұсынылды. Оның 12-сі офлайн, ал біреуі онлайн режимде қорғалды. Конкурс жеңімпаздары форумның қорытынды бөлімінде жарияланатын болады.
Іс-шара барысында қазылар алқасының құрамында болған «Galamat Group» холдингинің басшысы Сейітжан Сыпабек арнайы номинациялар бойынша төрт қатысушыларды (1,2,3,3 орындар) марапаттап, сонымен қатар тағы үш үміткерге бағалы кітап сыйға тартты.

Пікірлер орны (0)