Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Студентердің психологиялық биі...
9 қыркүйек 2025
44
1
0

Студентердің психологиялық биімделуі тақырыбында кездесу болды

2025 жылдың 8-9 қыркүйек айында Психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен 1 курс ЖМҚ 04-25 АБ, ВМ МҚВ-07-25,ВМ МҚАБ 07-25, ВМ-СҚА-01-25, ВМ-СҚБ-01-25, ВМ-СҚА-02-25,ВМ-СҚБ-02-25 топ студенттері арасында «Студенттердің психологиялық бейімделуі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуде психологиялық бейімделу мәселесіне ерекше назар аударылып, студенттердің оқу үдерісіне, әлеуметтік ортаға және жаңа жағдайларға оңай үйренуіне, сондай-ақ эмоционалдық күйін тұрақтандыруға бағытталған арнайы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Психологиялық түсіндіру сессиялары барысында студенттерге стрессті басқару, өзін-өзі тану, мотивацияны арттыру және қиындықтарды жеңу әдістері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, топтық тренингтер мен жеке консультациялар арқылы олардың психологиялық қолдау қажеттілігі де ескерілді.
Аталған іс-шара студенттердің оқу және қоғамдық өмірге оңай бейімделуіне көмектесіп, олардың эмоционалды және психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды

Пікірлер орны (0)