
2025 жылдың 11 қыркүйек айында Психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен 1 курс ВМ-МҚА-05-25, ВМ-МҚБ-05-25, В-ФКА-01-25-А, В-ФКА-01-25-Б, ВМ-МҚҚБ-05-25, В-ФМЦИҚ-01-25 топ студенттері арасында «Студенттердің психологиялық бейімделуі» тақырыбында кездесу өткізілді.Кездесуде психологиялық бейімделу мәселесіне ерекше назар аударылып, студенттердің оқу үдерісіне, әлеуметтік ортаға және жаңа жағдайларға оңай үйренуіне, сондай-ақ эмоционалдық күйін тұрақтандыруға бағытталған арнайы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Психологиялық түсіндіру сессиялары барысында студенттерге стрессті басқару, өзін-өзі тану, мотивацияны арттыру және қиындықтарды жеңу әдістері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, топтық тренингтер мен жеке консультациялар арқылы олардың психологиялық қолдау қажеттілігі де ескерілді.
Аталған іс-шара студенттердің оқу және қоғамдық өмірге оңай бейімделуіне көмектесіп, олардың эмоционалды және психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды