Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Студентіміз шахматтан өткен «S...
8 маусым 2026
1
0
0

Студентіміз шахматтан өткен «Senat Open» аймақтық жарысының жартылай финалында бақ сынады

Шымкент қаласының медицина білім алушылары мен қызметкерлері арасында шахматтан өткен Сенат кубогының 1/4 финалында үздік шығып, жолдама алған академиямыздың мақтанышы, ВМ-СОБ-05-23 тобының студенті Муминходжаев Аббосхон, ағымдағы жылдың 1 маусымында Тараз қаласында өткен Оңтүстік аймақтық «Senat Open» 3-ші ашық кубогының жартылай финалына қатысып қайтты. Аббосхон аймақтық деңгейдегі тартысты әрі қиын мачтарда өте тартымды ойын көрсетті. Ол еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты шахматшылармен үстел үстінде тәжірибе алмасып, академиямыздың атын жоғары деңгейде танытты. Осындай ауқымды шахмат жарысының жартылай финалына дейін жетудің өзі — үлкен еңбек пен жоғары деңгейдегі шеберліктің айқын көрінісі.
Студенттерімізді імізді ауқымды додаға қатысуымен құттықтаймыз! Осындай үлкен тәжірибе алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруға үлкен серпін беретініне сенімдіміз. 

Пікірлер орны (0)