Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Студенттер дін мамандарымен ке...
5 қараша 2025
5
0
0

Студенттер дін мамандарымен кездесті

Шымкент қалалық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, теріс діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру, сондай-ақ жастар арасында діни сауаттылық пен иммунитетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шараға теология ғылымдарының PhD докторлары мен саланың білікті мамандары қатысты. Атап айтқанда, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы, теология ғылымдарының PhD докторы Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы және орталықтың теолог маманы Шамуратов Алихан Дилмуратұлы студенттермен кездесіп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында қатысушылар қазіргі қоғамдағы діни ахуал, радикалды ағымдардың белгілері мен олардың алдын алу жолдары туралы кеңінен сөз қозғады. Осы тақырыптарда түсірілген видеороликтерді көрсетті. Сонымен қатар, студенттерге деструктивті идеологияның зияны, теріс ағымдардың айырмашылығын түсінудің маңызы жөнінде нақты мысалдар келтіре отырып, оларды діни радикализмнен қорғануға шақырды.
Іс-шара соңында Шамуратов Алихан Дилмуратұлы студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Пікірлер орны (0)