
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының В-МҚА-02-25 топ студенттері танымдық мақсаты бойынша Шымкент қаласы, Н.Назарбаев даңғылығында орналасқан көрме орталығына барды.
Экскурсия барысында студенттер көрмеде ұсынылған түрлі экспозициялармен танысып, мәдени және тарихи маңызы бар құнды мәліметтер алды. Көрме залдарында еліміздің тарихы, мәдениеті және ғылым саласына қатысты көптеген қызықты материалдар көрсетілді. Студенттер экспонаттарды тамашалап, олардың шығу тарихы мен маңызы туралы ақпарат тыңдады.
Сондай-ақ, экскурсия барысында студенттер өзара пікір алмасып, жаңа білім алып, таным көкжиегін кеңейтті. Мұндай танымдық іс-шаралар студенттердің мәдени-рухани дамуына, тарихи мұраға деген қызығушылығын арттыруға үлкен әсер етеді. Экскурсия студенттерге ерекше әсер қалдырып, пайдалы әрі мазмұнды өтті.