Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Студенттер «Таза қала» экологи...
20 сәуір 2026
1
0
0

Студенттер «Таза қала» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысты

2026  жылдың  18 сәуір күні  Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері белсенді түрде қатысты. 
Қаламыздың тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында өткен қалалық сенбілікке Фармация факультеті ФО-02-25 білім алушылары қатысты. Қатысушылар аудандар бойынша 4 топқа бөлінді. Білім алушыларымыз Еңбекші ауданына қарасты Азат мөлтекауданында жол бойларында, темір жол айналасында тазалау жұмыстарын жүргізді.

Пікірлер орны (0)