Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Студенттер театр өмірімен таны...
12 наурыз 2026
1
0
0

Студенттер театр өмірімен танысып қайтты

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының МПІҚА-01-25 топ студенттері танымдық мақсатта қала өмірін, мәдениетін және өнерін жақынырақ танысу үшін театрға барды. Экскурсия барысында студенттер театр өнерінің ерекшеліктерімен, сахналық қойылымдарымен танысып, көркемдік мәнін бағалады. Сонымен қатар, олар сахнадағы актерлік шеберлікті, көркемдік жарық пен дыбыс әсерін бақылап, өнердің түрлі қырларын түсінді. Студенттер қойылымнан алған әсерлерін бір-бірімен бөлісіп, өнерге деген қызығушылықтарын арттырды, сондай-ақ мәдени бағдарларын кеңейтті. Бұл іс-шара студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және топ арасындағы бірлікті нығайтуға септігін тигізді.

Пікірлер орны (0)