
2025 жылдың 15 қыркүйек айында Психологиялық қызмет және шет тілі кафедрасының ұйымдастыруымен 1 курс С-МҚБ-11-05-25, ВМ-МПІҚБ-01-25В, ВМ-МПІҚБ-01-25, ВМ-МПІБ-02-25, ФӨТО-04-25 (АВ) топ студенттері арасында «Студенттердің психологиялық бейімделуі» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуде психологиялық бейімделу мәселесіне ерекше назар аударылып, студенттердің оқу үдерісіне, әлеуметтік ортаға және жаңа жағдайларға оңай үйренуіне, сондай-ақ эмоционалдық күйін тұрақтандыруға бағытталған арнайы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Психологиялық түсіндіру сессиялары барысында студенттерге стрессті басқару, өзін-өзі тану, мотивацияны арттыру және қиындықтарды жеңу әдістері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, топтық тренингтер мен жеке консультациялар арқылы олардың психологиялық қолдау қажеттілігі де ескерілді. Аталған іс-шара студенттердің оқу және қоғамдық өмірге оңай бейімделуіне көмектесіп, олардың эмоционалды және психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.