
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Фармация факультетін де топ басшылары кеңесінің кезекті жиыны өтті.
Кеңеске цифрлық офицер Нұрпейісов Айбек Сенбекұлы, фармация факультеті деканының орынбасары Сапақбай Мәлік Мырзаханұлы және ФӨТ БББ 1-3 курс, Фармация БББ 1-4 курс топ басшылары қатысты.
Жиын барысында оқу үдерісіне қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, студенттердің емтиханға қатысуы, оқу тәртібі және алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасу жүргізілді.
Цифрлық офицер Айбек Сенбекұлы өз сөзінде елімізде студенттердің жасанды интеллекті саласындағы дағдыларын дамытуға бағытталған «Ai-Sana» бағдарламасы туралы айтты. Ал, фармация факультеті деканының орынбасары Мәлік Мырзаханұлы алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар мен тәрбие жұмыстар жөнінде ақпарат берді.