Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Студенттерге «Хулиганка» және...
13 сәуір 2026
1
0
0

Студенттерге «Хулиганка» және «Не книжные закладки» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді

ОҚМА Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында студенттерге бұзақылықтың алдын алу және есірткіге қарсы күрес тақырыбында түсірілген «Хулиганка» және «Не книжные закладки» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді. 
«Заң және тәртіп» апталығы аясында өткізілген іс-шараға Көліктегі полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы күрес бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны Еркебұлан Еркімбекұлы Жолтабаров, сондай-ақ Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасының патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы, полиция майоры Ш. Сыздықова қатысты.


Іс-шараны оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы ашып беріп, кездесудің маңыздылығына тоқталды. 
Кездесуде полиция капитаны Еркебұлан Еркімбекұлы есірткі қылмыстарының қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, жастарды сақ болуға, күмәнді жағдайлардан аулақ жүруге және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Ал, полиция майоры Ш. Сыздықова студенттерге күнделікті өмірде құқықтық нормаларды сақтаудың маңызын түсіндіріп, әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі жоғары болуы тиіс екенін атап өтті.
Іс-шара соңында студенттер аталған тақырып төңірегінде талқылау жүргізіп, құқық қорғаушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

 

Пікірлер орны (0)